Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Aslan x QaraKesek - Алыстап Барамызба Single [2014] | Текст песни

Pesni.guru - сайт для Гуру


Алыстап барамыз ба?
Бітпейтін хабарлама, тұтқаңды да алмайсың,
Мен сені түсінбедім, сонда кімді алдайсың?
Өзгені таңдасаң, басқаны қаласаң,
Олай өзгермей, түсіндір, дұрыс жағынан қарасам.
Жүрегің ауырады,
Ешкімге бұйырмайсың, тек өзіңді алдадың.
Бағыңмен ойнадың, чайка болып қоймадың,
Бітпейтін табыстар, жасыл қағазға тоймадың.
Алыстап кет менен,
Қазір мен сенен жиіркенем.
Бола алмаймыз бірге енді,
Маскаңды шешіп тастамайынша сендегі.
Қарама енді олай,
Көзден төмен сүртіп таста, болмайды ғой олай.
Ойымдағы осы сөз, күтпедің, білемін,
Мен қазір бақыттымын, сыртыңнан саған күлемін.

Сыртыңнан саған күлемін, күлемін,
Өкініп бола алмаймыз бірақ екеуміз.

Қ-сы:
Сол жауынның қатты болды екпіні,
Жаралы жан түсінеді тек мұны.
Көздеріңнен тамшылаған жастарың
Тоқтағанда, білесің бе, кеш болды.
Бағаламай сендегі мен сезімді,
Түсіне алмадым сені және өзімді.

Қадіріңе мен сенің жеткен кезімде,
Алшақтықтың ызғары да сезілді, сезілді.

Алыста барамыз, алыстап барамыз ба,
Өткенді естелік қылып, үндемей қаламыз ба?
Сен және мені айырған тағдыр деп ойлама,
Қолдан жасап алдық бәрін, тағдырмен ойнама.
Ия, қызық өтті уақыт, қызық өтті сендей қызбен,
Мендегі сезім от, салыстырма сендегі мұзбенен.
Теңесіп күзбенен мендегі мына сезім,
Үмітті үзбегем, біл, бұл – шын сөзім.
Хы, жаным, мен сені сүйеді екем,
Арамызда шақырымдар болса да, саған жетем.
Мен сені бақытты етем, бірақ бұл қалған сөз,
Кері айналмайды уақыт, қиналса шешімі төзу.
Енді не болады, енді не болады екен,
Бәрі маған байланысты ма, айтшы, саған ше?
Қызық екен бәрі бітті дегенің, күлкім келеді,
Біл, ештеме бітпеді, бәрі енді басталды.
Күт, келем.

Қ-сы:
Сол жауынның қатты болды екпіні,
Жаралы жан түсінеді тек мұны.
Көздеріңнен тамшылаған жастарың
Тоқтағанда, білесің бе, кеш болды.
Бағаламай сендегі мен сезімді,
Түсіне алмадым сені және өзімді.

Бағаламай сендегі мен сезімді
Түсіне алмадым сені және өзімді.


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-