Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

BaGi x Aппак - Кадірімді білмедін | Текст песни

BaGi x Аппақ - Қадірімді білмедің

Білмейді, сезбейді, көрмейді де көңілдің көксейгенін,
Көкіректік, тәкаппарлық бәріне кінәлі, білемін.
Соғады, соғады тыным таппай мені ойлап жүрегің,
Сенде де ұйқы жоқ, көз ілмейсің, жайменен сеземін.

Мен саған бір нәрсе айта салйыншы...
Бері қара, айтарым бар саған – кешір мені,
Мезгілден тыс жолықтырған махаббатың сенің.
Не көрсетпедім саған, сен маған не көрсетпедің,
Тозақтың иісін екеуміздің сезімнен сеземін.
Күнделікті бітпейтін ұрыстың нәтижесі,
Кезіктірген екеумізді жағдайға келесі.
Мен ойламадым сүйген жандар сүймей кетер деп,
Қызғаныштың нәтижесі соңымызға жетер деп.
Қайда сенің маған айтқан, маған артқан сенімің,
Жарайсың, қатырдың, бұл соғыста мен жеңілдім.
Кім сенің келесі құрбаның, айта қойшы, кім,
Жай ғана интерес, жай ғана келеді білгім.
Келеді кейде күлкім шарасыз қалғаныма,
Келбетіңді алыстан бір көруге барғаныма.
Ал қазір болса мен сені көргім келмейді мүлде,
Ұйықтамаймын, сол себепті түсіме кіресің күнде.

Қ-сы:
Мұңға көмілген бұл қала,
Айтылмаған бір сыр ғана.
Кезіктірсең мені бір күні,
Өтіп кете бергін, байқама.
Жыласын қара көздерің,
Ермегі бол, ол өзгенің.
Мендей адам жалғыз ғана,
Қадірімді сен білмедің.

Әттең-ай...
Шіркін-ай...
Сол күндер...

Бітпей қойды-ау, арадағы дау, дау,
Сезімнен бұрын сыйластығым қалмады-ау.
Аналарды сыйлаймын, бірақ та сенің анаң –
Арамызға тұрып алған жалғыз адам.
Мейлі, ол себепші емес бәріне кінәлі,
Шын қалаған адам, білесің, до конца тұрады.
Демек шыдамадың, бұл сезімді ақтамадың,
Әркімнің ерме сөзімен, сен өзіңді алдадың.
Мәселен мен саған хабарласып тұрғанда,
Жағдайыңды сұрап көңіліңді аулағанда.
Маған деген кері ілтипатыңды байқаймын,
Сен өзгеріп кетіпсің, мен сені ұға алмаймын.
Сөйлеу мәнеріңді дөрекіленбей ұстағын,
Тоныңды түсіріп, басылып ақырын сөйле!
Мен саған бөтен емеспін, қырсықпай отыр,
Еркелігіңді түсінем, бірақ орныңды біл.
Назарым саған ауған соң алаңдаймын,
Білесің бе, даже сені өзіме қимаймын.
Менің ойымды бұзады күнде бір нәрсе,
Осылай бәрі, айтшы, оп-оңай біткені ме?!

Қ-сы:
Мұңға көмілген бұл қала,
Айтылмаған бір сыр ғана.
Кезіктірсең мені бір күні,
Өтіп кете бергін, байқама.
Жыласын қара көздерің,
Ермегі бол, ол өзгенің.
Мендей адам жалғыз ғана,
Қадірімді сен білмедің.

Другие названия этого текста
  • BaGi x Aппак - Кадірімді білмедін (0)
  • дидар - ******* (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-