Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

KILLJOY [RHYME TIME inc.] - NEWWAYBATTLE R3 | Текст песни

Себепсіз бағыт.

Intro:

Тармақ-тармақ өлеңмен мен талдайын
Сөз сайыста жүйріктерден мен қалмайын
Жеткенше мəресіне бей-бағыттың
Жетектеп шабытымды дем алмайын

1.
Тұсауын үзіп асаудай,қарғыды тағы шабыт
Биікке шапқаны айқын,бірақ белгісіз бағыт
Табаны жерге тимес,жеткізбес жел аяқ боп
Желменен қалмай жарысар тоқтамай қарғып-қарғып

Белгісіз бағыт болар көздерің байланғанда
Жап-жарық ақ маңайын қараға айналғанда
Көзсіз сезесін алдындағы тарбаң ұзақ жолды
Ол жол да тарам тарам белгісіз айлаң бар ма?

Өзіңе сен өзіңді алып шығар сол бағыттан
Қанша алыс жүрсең де ақиқаты шын уақыттан
Тек тоқтама белгісіз бетіңе алған сол бағыттан
Бəрінен озсаң да қаларсың тек уақыттан..

Сөзіме алып-қосар шабытым маржандарын
Мінезімді де көрсетер сілкінсе арландарым
Себепсіз бағытты байқарсың менің шабытымнан
Білерсің кейбіреуің,себепсіз барғандарың.

Қайырмасы :
Себепсіз бағыт - сенің шылбырың үзілгенде
Себепсіз бағыт - еркіндік сезінгенде
Себепсіз бағыт - қосайын мен үзіндіме
Себепсіз бағытты - сезінгейсн енді сен де

2.
Қырлардың дарығандары менің бойымда соңына дейін.
Жалғыз тындарманым микрофон сонымен шыңға жетейін. Себепсіз бағыт болсада мен сол жақа талпынамын.
Ойымды уйкастатып жазғаным болмаса, менде сендеймін.

Бір күні көрермін бұның піскен жемісінде.
Қазіргі уақыттан бастап лақап атым менің ел ішінде.
Сөз өнерді Көбісі тіпті багаламасада.
2011 ден бастап бұл өнерге менің де еңбегім сіңген

Тағыда Қолдасын тыңдарман бастаган кезімде бұл да болд арман, Жолым болар менің ұзақ бірнеше томдардан.
Себепсіз бағыт деп атадым осы өнер жолымды,
Бұдан басқа мен үшін тағыда басқа жол барма?
___________________________________

Жаңа жолдан, Жаңа ойларыммен, шыңға тура мен жол тарттым, Жинап бар арманды Жаңа белеске өз үмітіме сенім арттым
Біреулер үшін бұл Жәй ғана уақыт өткізу шарасы болса.
Мен бұл себепсіз бағытыммен талай парақтарды жақтым.


Другие названия этого текста
  • KILLJOY [RHYME TIME inc.] - NEWWAYBATTLE R3 (0)
  • KILLJOY [RHYME TIME inc.] - Себепсіз бағыт | #KRP (0)
  • KILLJOY [RHYME TIME inc.] - Себепсіз бағыт (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-