Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

NZT (Баука) - inst. N2 | Текст песни

1:

Көк аспан көк бөрі елі кел бері,
Атағы даңқ болған ұлы халықтың кең жері,
Зәулім далаға асықпа қане тойып қара,
Өйткені сен ертең боласың бұл елде жаға..

Менің өткенгі күнім, бүгінім, болашағым,
Қай жерде басқа маған осылай жаяды құшағын?
Намыс топырағыма үйір иа бұл менің үйім,
Ауыстырмайм(ын) ешқандай дүниеге домбыраның күйін..

Бел бүкпе! Айтатын кез бұл бауырым,
Серт бер тілге адал бола, еркіндікке серік бол,
Берік бол намысқа сенің алдында үлкен шешім,
Бүгінгі Қазақ Елі КСРО емес кешегі..

Батыр халық ұрпағы көтер қолдарды жоғары,
Әр-бірін елдің ұраны, әр-бірін елдің тұмары,
Қандырам жүрек құмарын егер үлесін қоссан,
Енді бұл айт қане Қазақ Елі болмаса!

Қ-сы:

Бұл Қазақ Елі!
Ата-бабадан қалған мұраға!
Қазақ Елі бұл Қазақ Елі!
Тарихымыз жазылған қанымызға!
Қазақ Елі бұл Қазақ Елі!

2:

Тфай-тфай-тфай пай Қазақ Елі бай!
Ұлы дала бұйымтайын эй ұмытпайық,
Мәңгілік елдің жоспары кемеге айналад(ы) қайық,
Керек сабыр...керек байып..

Шөптің басы көтеріледі (А) жел соқса,
Көшпенділер басын көтерген кешегі Желтоқсан
Құрбандарын ұмытпа Ләззат пен Қайратты,
Ұмытпа кім екенінді тік ұстап байрақты!

Қазақ Елі (А) қаны таза тілі киелі, (А)
Бостандық бойымызды билегелі,
Ұнатамыз (А) Қара жорға билегенді,
Қолымыздан жоғалмайды билік енді (Эй)

Менің де елім де кемінде көтеріледі сендер
Шыңдардың шыңына Мәңгілік ел болып
Аспаны көк және түнде көп жұлдыздары,
Қазақ Елін көтереді ұлдары және қыздары!


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Популярное сейчас
Видео
Нет видео
-