Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

QARAKESEK x ASLAN TORE - БІТТІ #97 | Текст песни

Параққа түсті іштегі барлық өкпе,
Әлі өкпелімін саған, ей, қалың бет.
Уәде берме маған енді қайтып келем деп,
Сенің қолыңды қысып алып кетті ол тереңге.
Әлі келемін мен тура жолды таба алмай,
Қалып қойғандаймын түнекте, бара алмай.
Сені көрсем, сығылады іштегі демім,
Жүрегіме сендей қызды сағынбашы деймін.
Тағы басталды бізде баяғы мелодрама,
Телефоның сөндірулі, желіде мәзсің.
Ия, мен тағы маспын, сырласым қазір – арақ,
Жараны емдейтін дәрі емес, уақыт қана.
Көп болды сенімен сөйлеспегелі,
Жанымды өртеп барады қызғаныштың лебі.
Туған күнің құтты болсын, қара қыз, он сегіз жасың,
Кешір, құттықтамадым, ол кезде мен тағы маспын.

Қ-сы:
Мен жылдармен келем,
Жаңа күн келер
Алдыда нұрын шашып.
Арманың орындалсын.
Кері қайт, бұл жақта сені жылатады,
Кері қайт, ол жақта сені жұбатады.
Кері қайт, өткен күннің таңдарын атырма,
Әй, кері қайт!

Хабарсыз қалдық, расында, жақсы еді басында,
Өмір деген сол – бейнесі көз жасыңда.
Қайғырып таң атқызуды кімнен үйреніп алып жүрсің,
Менен ба, жоқ, сен тек өткен шақтарға әлі барып жүрсің.
Әрбір атқан таңым едің оятатын,
Жұлдызбен жазып атыңды аспанға қоя алмадым.
Жаным түнекке қарай тартылды, оянбады,
Танымайды көбісін, ой, амалым жоқ.
Жалғыз келесің ба жер бетімен,
Ойың аспанда, ойланып маңдайыңды терлете бер.
Жүрегіме кірем десем, кел, төрлете бер,
Кіріп-шығып ішіне, с*ка, кірлете бер.
Ал мен сені ойладым,
Сағат таңғы 5:30, ал сен ұйқыдасың.
Түсің мен болайын, түсің мен болайын,
Түсің, түсің мен болайын.

Қ-сы:
Мен жылдармен келем,
Жаңа күн келер алдыда нұрын шашып.
Арманың орындалсын.
Кері қайт, бұл жақта сені жылатады,
Кері қайт, ол жақта сені жұбатады.
Кері қайт, өткен күннің таңдарын атырма,
Әй, кері қайт!

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-