Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

RANGER - Esimde | Текст песни

#Есімде
Қиялға бойлап, ауа райы күрт өзгерді
Сезінгендей біреу, жауын қатты жауа берді
Жаңбыр жауды, еске түсті өткен күндер!
Қатты жауды, өтті арада біраз күндер!
Өтті айлар, өтті жазбен суық қыс!
Сені сүймесем де, жүректе бар күйзеліс!
Жазбадым сен туралы, көптен бері әуенімді!
Қабылал мына меннен, соңғы сөздерімді
Әлі есімдесің, сәлемдесіп өткенің
Күлімсіреп қарап тұрып, жанымнан өткенің
Сол кезде білсең ғой жүректегі сезімді
Лапылдап лаулап жанған, сезімді мендегі
Сол уақыт қызық еді, эхх қайтемін
Қайта оралмайтынын біліп мен күрсінемін
Бірақ сеземін, сендей таба алмаспын
Ұмыту қиын екен, жүректен орын алғансың

Қ.сы
Болмасақта бірге жаным
Жүрегімнен шыққан саған осы әнім
Жаным Жаным соңғы әнім саған
Бақытты бол Бақытты бол әрқашан

Өтті күндерім сарғайған қоңыр күздей
Жүре бердім ойлап, үмітімді мен үзбей
Мүлдем сезбей, махаббатың бар екенін
Сол кезден білдім, бәрінің біткенін
Бәрі бітті, сенбеспін енді махаббатқа
Сезімге уақыт кетіріп, біреуді алдағанша
Жүре берген дұрыс, іштегі жарамен
Қағазға жазып жатырм бәрін, қаламмен
Шынайы сүйдім сені соны біліп жүрші
Бәріне өзім күнәлі, мені кешірші
Шынайы ғашық болдым Аяжан мен саған
Қалғандаймын сыңарынан айырылған аққудай
Сол уақыт қызық еді, эхх қайтемін
Қайта оралмайтынын біліп мен күрсінемін
Бірақ сеземін, сендей таба алмаспын
Ұмыту қиын екен, жүректен орын алғансың

Қ.сы
Болмасақта бірге жаным
Жүрегімнен шыққан саған осы әнім
Жаным Жаным соңғы әнім саған
Бақытты бол Бақытты бол әрқашан


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-