(1)Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. (2)Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы Аллаға тән. (3)Аса қамқор, ерекше мейірімді. (4)Қиямет күнінің иесі. (5)Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз! (6)Бізді тура жолға сала көр! (7)Нығметке бөленгендеріңнің жолына! Ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес!
Алла (Т.), Одан басқа еш тәңір жоқ. Ол тірі, толық меңгеріп тұрушы, Ол қалғымайды да ұйықтамайды. Көктердегі және жердегі нәрселер Оған тән. Оның құзырында өзінің рұқсатынсыз кім шапағат етеді? Олардың алдарындағыны да, арттарындағыны да біледі. Олар, Оның қалауынан басқа еш нәрсе білмейді. Оның күрсісі (білімі) көктер мен жерді сыйдырады. Оған, ол екеуін қорғау ауыр келмейді. Және Ол, өте биік, аса зор.