1. Арасында тұманның, Мен адасқан құланмын. Жақындама жыласам, Мен жаралы бір аңмын. Сағыныштың сан күні, Басылмаса жаңбыры. Жұбатам деп ойлама Ол да менің тағдырым.
Қ-сы: Ой, ой Ойламайтын күнім жоқ, Ойлай берсем түбі жоқ. Жылатқан, жылытқан. Ой, ой Сенен ауыр көрмедім Неге маза бермедің? Ол мені ұмытқан (3 рет).
2. Мұңын шағып түнгі айға, Бөрі-жүрек тыңдай ма? Сүлейменнің жүзігін Қайта тағар күн қайда? Арман қалсын төсіңде Елес қалсын есінде. Кеткен бе едің қалдырып, Ойлар талап жесін деп.
Қ-сы.
Другие названия этого текста
Қайрат Нұртас - Ой (1)
Акылбек Жеменей - Feel this moment (0)
Кайрат Нуртас - Ой (от души песня, в маршрутке играет всегда) (0)