Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Баглан Амангелдиев - Меруерт | Текст песни

Мүмкін, жаным, отырсың сағыныштың тұсауында,
Мүмкін, өзге бақытың алуда құшағына.
Ерік беріп көздерге, төгілуде сөздер де,
Шын жүректен сезініп соны ұқсаң.
Қимайды екенмін, сағынам,
Өттім қанша алдыңнан.
Тәкаппарлық өзіңе, бір саған тән.

Қ-сы:
Мені бір сәт ойлашы, жаным менің – Меруерт,
Қос жанарың жәудіреп келші, жаным, маған еркелеп.
Бірге бола алмаймыз, айтшы, жаным, оған не себеп,
Ұмытпашы, аяулым, сүйдім сені, жаным – Меруерт.

Күлімдеген көздерің болды маған сағыныш,
Қасыма өте жақын, рухани мүлдем алыспыз.
Ойласам сені, күнім-ау, мүмкін емес қой мұңаймау,
Қос жанарымнан айрылып, сені көрмеген оңайлау.
Неге, жаным, тағдыр солай, болды ма саған тым оңай,
Көргің келмесе, қош, жаным, жарығым-ай.

Қ-сы:
Мені бір сәт ойлашы, жаным менің – Меруерт,
Қос жанарың жәудіреп келші, жаным, маған еркелеп.
Бірге бола алмаймыз, айтшы, жаным, оған не себеп,
Ұмытпашы, аяулым, сүйдім сені, жаным – Меруерт.
Жаным менің- Меруерт, жаным менің – Меруерт,
Жаным менің- Меруерт, жаным менің – Меруерт.
Мені бір сәт ойлашы, жаным менің – Меруерт,
Қос жанарың жәудіреп келші, жаным, маған еркелеп.
Бірге бола алмаймыз, айтшы, жаным, оған не себеп,
Ұмытпашы, аяулым, сүйдім сені, жаным – Меруерт.
Келші, жаным, маған, Меруерт,
Келші, жаным, маған, Меруерт.
Келші, жаным, маған, Меруерт,
Келші, жаным, маған, Меруерт.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-