Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Бекзат Сәкенұлы - Абырой мен иман (МЕЙІРЖАН ӘЛІБЕКОВ) | Текст песни

Абырой мен иман.
Мейіржан ӘЛІБЕКОВ
Балуан көп елге шыққан атағы,
Талайлардың жетi бұрар желкесiн.
Бiрақ солар таң намазда жатады,
Гир түгiлi көтере алмай көрпесiн.

Боксшы көп елге шыққан атағы,
Шаршы алаңда дес бермейтiн қырандай.
Бiрақ солар таң намазда жатады,
Шайтан соққан нокауттан тұра алмай.

Футболшы көп елге шыққан атағы,
Көк алаңға бұрған талай ат басын.
Бiрақ солар таң намазда жатады,
Нәпсiсiне ашып қойып қақпасын.

Әншiлер көп елге шыққан атағы,
Сезім жайлы əндерді айтқан сенделіп .
Бiрақ солар таң намазда жатады,
Iбiлiстiң әлдиiне тербелiп.

Әртістер көп елге шыққан атағы,
Сайран салған сахнаның төрінде.
Бірақ солар таң намазда жатады,
Ұйқыдағы кейіпкердің рөлінде

Ақындар жүр елге шыққан атағы,
Махаббатқа жыр- өлеңiн бағыштап.
Бiрақ солар таң намазда жатады,
Дiнге деген махаббаттан алыстап.

Атақ, бедел, билiк, көлiк, ақша, үйiң,
Жүрегiне дұрыс емес орнаса.
Ел алдындағы абыройың бес тиын,
Алла алдында абыройың болмаса.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-