Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Бекзат Сәкенұлы - Анамның үнсіз жылап тұрғаны (автор: Батырхан Сәрсенхан) | Текст песни

Анамның үнсіз жылап тұрғаны...
Батырхан Сәрсенхан
Дауылды дауыл басып көрген бе,
Жолбарыстанып жасықтар жерде.
Шашынан сырғып ақ орамалы,
Көрші әйел үйге қашып келгенде,

Күрсініп анам жылады,
Жынды су деді, кінәлі.

Себеп те таппай кісіңді ақтауға,
Сәбидей қолы үсіп жатқанда,
Алпамса жігіт ақырып төніп,
Әкесін сабап, тісін қаққанда,

Жабығып анам жылады,
Жынды су деді, кінәлі.

Жамаусыз көңіл қазақта бар ма,
Панасыз қайтсін көзі ақпағанда,
Бейкүнә жанды тағдырдың өзі,
Жетімек қыз деп мазақтағанда,

Қосылып анам жылады,
Сол деді тағы, кінәлі.

Өмірдің мәні, мұраттың мәні,
Кеудеме толып сұрақтың бәрі.
Ішімдік көрсем, түседі еске,
Анамның үнсіз жылап тұрғаны.
Батырхан Сәрсенхан

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-