Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Бекзат Сәкенұлы - Өзің қандай немесе балаң қандай "Мейіржан Әлібеков" | Текст песни

Өзің қандай немесе балаң қандай?
Мейіржан ӘЛІБЕКОВ
Осы біздің ағайын не біледі?
Сөгілмейтін жерлерде сөгіледі.
Ұл-қызына ұрыса бастағанда
Жұрт баласы жақсы боп көрінеді.

Пəленшенің баласы ақылды деп,
Түгеншенің баласы рахымды деп,
Перзентінің езеді еңсесінен,
(Келіспейді мұндаймен ақын жүрек).

Жұрт баласын құр мақтап не табасың?!
Жақындатып жағдайдың екі арасын.
Ендеше сол үлгілі балалардың
Үлгі ғып көр өзіңе ата-анасын.

Ізгілік - ол зат емес жолдан келер,
Тəліміңді аяма қолдан келер!
Жұрт баласы ақылды болмас еді,
Ата-анасы ақымақ болғанда егер.

Бей жəй қарамаса екен, сол нəрсеге ел,
Шешіледі шаруа сонда шебер.
Жұрт баласы рахымды болмас еді,
Ата-анасы иманды болмаса егер.

Ата-анаға еліктеп жас өнеді,
Ұмыттым деп өкінбе бəсе, нені!
Есті жауап таппаймыз ешқашанда,
Жан-жағынан қарамай мəселені.

Көшу керек ісіне сөзінен ел,
Түбі мұны түсінер кезі келер.
Балаң дана болмайды Абай сынды,
Құнанбайдай болмасаң өзің егер!

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-