Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Данияр Жігітбек - Дүние-ай (терме) | Текст песни

Баспадым жардың шетін құлай ма деп,
Ішпедім арықтан су лай ма деп.
Қорқамын дос болуға жаманменен
Тар жерде ертоқымын сұрай ма деп.

Қайырмасы:
Қыздар бұлбұл, жігіт дүлдүл,
Өтіп барад өмір құрғыр.
Ахау арман, дүние жалған,
Хәләуләйлем, хәләуләйлем.

Жақсылар жақсымын деп айта алмайды,
Жамандар жақсымын деп айқалайды.
Жүрген соң бауырыңды күнде көріп,
Таулардың биіктігі байқалмайды

Өмірде оңалмассың мендігіңмен,
Атыңды байлармысың белдігіңмен.
Аяқта аяқ киім тар болса егер,
Не пайда дүниенің кендігінен.

Ағаштың көзі қара көміріңдей,
Мылтықтың бойы түзу теміріңдей.
Өткізген жақсыменен жарты сағат
Жаманның өтіп кеткен өміріндей.

Жолықсаң біздің жақтың тентегіне,
Өмірдің өкінбейді-ау келтеңіне.
Үйдегі жалғыз атын сойып беріп,
Жүген ұстап қалады-ау ертеңіне.


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 3
Видео
Нет видео
-