Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Имад ал-Мансари - 98...Бәйинә сүресі | Текст песни

Бәйинә сүресі
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
(1) Кітап иелерінен, мүшріктерден қарсы шыққандар, өздеріне бір ашық дәлел келгенге дейін қарсылықтарынан айрылмақшы емес еді.
(2) (Ал бұл дәлел) тап-таза нұсқаларды оқитын Алла тарапынан жіберілген бір Пайғамбар (еді).
(3) Ол нұсқаларда ең тура үкімдер бар.
(4) Дегенмен өздеріне кітап берілгендер, оларға ашық дәлел келгеннен кейін-ақ бөлінді.
(5) Олар; ғибадатты, нағыз Аллаға шынайы ынтамен бір беткей түрде орындаулары, намаз оқулары, зекет берулері үшін әмір етілген. Міне осы, тұп-тура дін.
(6) Сөз жоқ, сондай кітап иелерінен, мүшріктерден қарсы шыққандар, мүлде тозақ отында қалады. Міне солар, жаратылғандардың жауызы.
(7) Күдіксіз сондай иман келтіріп, түзу іс істегендер; міне солар, жаратылғандардың жақсысы.
(8) Олардың Раббыларының қасындағы сыйлықтары; астарынан өзендер ағатын Ғадын жаннаттары. Олар онда мүлде қалады. Алла олардан разы, олар Алладан разы. Осы сыйлық Раббынан қорыққан кісі үшін.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2
Видео
Нет видео
-