Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Коран - Бақара сүресі - сура №2 – Аль-Бакара | Текст песни

«Әлиф Ләм Мим» (1)
Міне осы Кітапта күдік жоқ, тақуалар үшін тура жол көрсетуші. (2)
Сондай олар көмеске иман келтіреді, намазды толық орындайды, өздеріне берген несібемізден (Алла жолында) пайдаландырады. (3)
(Мұхаммед Ғ.С.) олар саған түсірілгенге әрі сенен бұрыңғы түсірілгенге сенеді және ақыретке анық нанады. (4)
Міне солар Раббылары тарапынан тура жолда және солар құтылушылар. (5)
(Мұхаммед Ғ.С.) расында қарсы болғандарды, үгіттесең де үгіттемесең де бәрі бірдей. Олар иман келтірмейді, (6)
Алла олардың жүректерін, құлақтарын бітеген, әрі көздерінде перде бар. Сондай-ақ олар үшін зор қинау бар. (7)
Адамдардың кейбіреулері, екі жүзді (мұнафықтар): «Аллаға, ақырет күніне сендік» дейді. Бірақ олар сенбейді. (8)
Олар (өздерінше) Алланы және иман келтіргендерді алдайды. Бірақ олар өздерін ғана алдағандарын сезбейді. (9)
Олардың жүректерінде дерт бар. (Күншілдік дерті). Сонда Алла олардың дертін арттыра түсті. (Мұсылмандар дамыған сайын күншілдіктері қоза түсті). Сондай-ақ оларға өтіріктіліктерінің салдарынан күйзелтуші азап бар. (10)
Оларға: «Жер жүзінде бұзақылық қылмаңдар!»,- делінсе, олар: «Біздер түзеуші ғанамыз» дейді. (11)
Сақ болыңдар! Шын мәнінде олардың өздері бұзақы, алайда олар түсінбейді. (12)
Егер оларға: «Адамдар иман келтіргендей иман келтіріңдер!», – делінсе, олар: «Ақылсыздарша иман келтірейік пе?»,- дер. Байқаңдар! Шын мәнінде олардың өздері ақымақ. Бірақ олар білмейді. (13)
Ал және олар мүміндерге кездессе: «Біз де иман келтірдік» дер. Әрқашан олар сайтандарымен (бастықтарымен) оңашалана қалса: «Расында біз сендермен біргеміз, біз оларды тәлкек қылып қана жүрміз» дер. (14)
Алла оларды мазаққа ұшыратып, азғындықтарында қаңғыртып қояды. (15)
Олар қисық жолды туралықпен айырбастап алды. Сонда оларға саудалары пайда бермеді. Әм олар тура жолды таппады. (16)
Олардың мысалы: (Далада) от жағып маңын жарық қылғанда, Алла олардың жарығын өшіріп, қараңғылықтарда қалдырған біреу сияқты, (бұл мысалда, екі жүзді мұнафықтар; жаққан оттары өшіп, тым-тырыс қараңғылықта қалғанға ұқсатылып отыр) олар көрмейді. (17)
Саңырау, сақау және соқыр болып бетінен қайтпайды. (18)
Немесе қараңғылықта күркіреп, жарқылдап көктен нөсерлете құйған жаңбырға ұшырап, найзағайдан өлем деп қорқып, саусақтарын құлақтарына тыққан біреулер тәрізді. Алла кәпірлерді толық баураушы. (19)
Олардың көздерін найзағай жұлып әкете жаздайды. Оларға жарық берген сәтте, олар жарықта жүреді де оларға қараңғы болған заманда, олар тұра қалады. Егер Алла қаласа, олардың есту, көру сезімдерін де жояр еді. Алланың әр нәрсеге күші толық жетуші. (20)
Әй Адам баласы! Сондай сендерді де сендерден бұрынғыларды да жаратқан Раббыларыңа құлшылық қылыңдар. |

Другие названия этого текста
  • Quran - сура №2 – Аль-Бакара (Корова) (0)
  • Священный Коран - сура 2 – Аль-Бакара (0)
  • Мишари бин Рашид - Аль-Бакара (Корова) (0)
  • Mishary Rashid al-Afasy - Бақара сүресі (0)
  • ✿ 2 Sura - Al-Baqara (0)
  • Священный Коран Сура 2 - Аль-Бакара (Корова) (0)
  • Quran - Сура 002 Аль-Бакара (Корова) (0)
  • Құран - Бақара сүресі (құран,2) (0)
  • Коран - Бақара сүресі - сура №2 – Аль-Бакара (0)
  • [Quran] - Аль-Бакара (0)
  • 4343 - 9696 (0)
  • Шейх Мишари бин Рашид аль-Афаси - Бақара сүресі - сура №2 – Аль-Бакара (Корова) (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-