Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Коран - Нух сүресі- сура №71 – Нух (Нух) | Текст песни

Расында Нұх (Ғ.С.) ты, еліне: “Қауымыңды күйзелтуші азап келуден бұрын қорқыт” деп, жібердік. (1)
(Нұх Ғ.С.): “Шын мәнінде мен сендерге ашық ескертушімін” деді. (2)
“Аллаға құлшылық қылыңдар, Одан қорқыңдар, маған бағыныңдар;” (3)
“Күнәларыңды жарылқайды және өздеріңді белгілі бір мерзімге дейін кешіктіреді. (Өмір сүрдіреді.) Егер білген болсаңдар, шын мәнінде Алланың өлшеулі мезгілі жетсе кешіктірілмейді.” (4)
(Нұх Ғ.С.): “Раббым! Расында мен елімді күндіз-түні шақырдым.” (5)
“Бірақ шақыруым, олардың қашуын ғана арттырды.” (6)
“Расында мен оларды Сенің бағыштауың үшін шақырған сайын, олар саусақтарын құлақтарына тығып, киімдерін бүркенген бойда, қасарысып, паңданған сайын паңданды.” (7)
“Сосын рас мен оларды қатты дабыстап шақырдым.” (8)
“Одан кейін мен оларға ашықша да тіпті өздеріне көмес түрде жасырын да айттым.” (9)
(Сондай-ақ оларға): “Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Өйткені Ол, өте жарылқаушы.” дедім. (10)
“Ол, сендерге аспаннан мол-мол жаңбыр жібереді.” (11)
“Әрі өздеріңді малдар, балалармен қамдайды. Және сендер үшін бақшалар жасап, өзендер ағызады.” (12)
“Алланың ұлықтығын ойламайтын сендерге не болды?” (13)
“Расында Ол, сендерді түрлі жағдайларда жаратты.” (14)
“Алланың жеті аспанды қабат-қабат жаратқанын көрмедіңдер ме?” (15)
“Олардың ішінде айды нұр қылып, күнді шам қылды.” (16)
“Алла, сендерді жерден өсіріп өндірді.” (17)
“Сосын сендерді, ол жерге қайтарады сонан кейін қайта шығарады.” (18)
“Алла сендерге жерді төсеніш қылды.” (19)
“Оның кең жолдарында жүрулерің үшін.” (20)
Нүх (Ғ.С.): “Раббым! Расында олар маған қарсы келді. Сондай-ақ олар, малдары, балалары өздеріне зияннан басқаны арттырмаған біреулерге ілесті.” (21)
“Олар зор айлакерліктер істеді.” (22)
Және олар: “Тәңірлеріңді тастамаңдар; Уад, Суағ, Яғұс, Яғұқ және Насырды әсте тастамаңдар” деседі. (23)
“Расында олар көпшілікті адастырды. Раббым! Сен де залымдардың адасуларын ғана арттыр.” (24)
Қылмыстарының салдарынан суға батырылды да отқа салынды. Енді олар, өздеріне Алладан өзге көмекші таба алмады. (25)
Нұх (Ғ.С.): “Раббым! Жер жүзінде кәпірлерден ешбіреу тұрғын қалдырма” деді. (26)
“Егер оларды қалдырсаң, құлдарыңды жолдан адастырады да бұзақы кәпір балаларды ғана тудырады; (27)
“Раббым! Мені, әке-шешемді, мүмін болып үйіме кірген кісіні және мүмін ерлер мен мүмін әйелдерді жарылқа! Сондай-ақ залымдардың жоқ болуларын ғана арттыр” деді. (28)

Другие названия этого текста
  • Коран - Нух сүресі- сура №71 – Нух (Нух) (1)
  • Коран 1рет окыса барша душпандары жок болады - Нух сүресі- сура №71 – Нух (Нух) (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
  • '71 - Official Trailer - starring Jack O'Connell ... '71 - Official Trailer - starring Jack O'Connell ...
    IN CINEMAS 10TH OCTOBER -- From Warp Films, Film4, BFI and STUDIOCANAL comes the ...
  • '71 Official Trailer #1 (2015) - Jack O'Connell War ... '71 Official Trailer #1 (2015) - Jack O'Connell War ...
    New US Release Trailer for '71 starring Jack O'Connell, about the Belfast Riots in 1971 ...
  • '71 Official Trailer (2014) '71 Official Trailer (2014)
    '71 Official Trailer (2014) starring Jack O'Connell, Sam Reid, Sean Harris and directed by ...
  • '71 Official International Trailer #1 (2015) - Jack O ... '71 Official International Trailer #1 (2015) - Jack O ...
    '71 Official International Trailer #1 (2015) - Jack O'Connell War Movie HD A young and ...
  • BIFF (2014) - '71 Movie CLIP - UK War Movie HD ... BIFF (2014) - '71 Movie CLIP - UK War Movie HD ...
    BIFF (2014) - '71 Movie CLIP - UK War Movie HD Check out the 2014 Berlin International ...
  • '71 Official Trailer (HD) | In Theaters Feb 27 '71 Official Trailer (HD) | In Theaters Feb 27
    http://71themovie.com '71 takes place over a single night in the life of a young British soldier ...