Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Коран - Юсуф сүресі - сура №12 Йусуф (Юсуф) | Текст песни

Әлиф Ләм Ра. Бұлар ап-айқын Құранның аяттары. (1)
Расында біз мұны Арапша Құран түрінде түсірдік, әрине түсінерсіңдер.(2)
(Мұхаммед Ғ.С.) саған бұл Құранды уахи етуімізбен өзіңе қиссалардың ең жақсысын баян етеміз. Негізінде сен бұдан бұрын әрине хабарсыз едің. (3)
Сол уақытта Юсып (Ғ.С.) әкесіне: “Әкетайым! Рас мен түсімде он бір жұлдыз және күн мен айды, маған сәжде қылғанын көрдім” деді. (4)
(Яғқұп Ғ.С.): “Әй балақайым! Түсіңді туыстарыңа айтпа! Саған бір айлакерлік жасар. Расында шайтан адам баласына ашық дұшпан” деді. (5)
“Міне осылайша Раббың сені ұнатады. Саған түстердің жоруын үйретеді. Бұрыңғы аталарың Ыбырайым, Ысхақ (Ғ.С.) тарға нығметтерін тамамдағандай саған және Яғқұп (Ғ.С.) ұрпағына нығметін толықтастырады. Шәксіз Раббың толық білуші, хикмет иесі” (6)
Расында Юсып туыстарының киссасында сұраушылар үшін өнегелер бар. (7)
Сол уақытта туыстары: “Юсып және туысы, (Бінямын) әкемізге бізден жақсы көрінеді. Біз болсақ мықты бір топпыз. Дау жоқ, әкеміз ашық адасуда” деді. (8)
Олардан бір айтушы: “Юсыпты өлтіріңдер немесе бір жерге апарып тастаңдар. Өздеріңе әкелеріңнің алды бос қалды. Артынан да түзу бір топ боларсыңдар” деді. (9)
Іштерінен тағы бір айтушы: “Егер менің айтқанымды істейтін болсаңдар, Юсыпты өлтірмеңдер де оны бір құдықтың түбіне тастаңдар. Кейбір жүргінші тауып алар” деді. (10)
Олар: “Әй әкеміз! Юсып туралы бізге сенбейтін саған не болды? Әрине оған қамқормыз” десті. (11)
“Ертең оны бізбен бірге жібер. Тамақтансын, ойнасын. Расында біз оны қорғаушымыз” десті. (12)
(Яғқұп Ғ.С.): “Расында сендердің оны алып кетулерің маған уайым салады. Әрі сендер оған кәперсіз қалып, оны қасқыр жеуінен қорқамын” деді. (13)
Олар: “Біз мықты бір топ бола тұра оны қасқыр жесе, әрине сол уақытта зиянға ұшыруашылардан болармыз” десті. (14)
Сонда олар, Юсыпты алып кеткен кезде, бәрі оны құдықтың түбіне тастауға бірлесті. Оған: “Туыстарыңа әлбетте осы істеріңнің хабарын бересің. Олар сезбейді” деп уахи еттік. (15)
Олар іңірде әкелеріне жылап келді. (16)
“Әй Әкеміз! Біз жарысып кеткенде, Юсыпты нәрселеріміздің жанына тастап кетсек, сонда оны қасқыр жепті. Енді шын айтсақ та, бізге сенбейсің ғой” десті. (17)
Сондай-ақ олар оның жейдесіне өтірік қан жағып әкелді. Әкелері: “Олай емес! Сендерге нәпсілерің бір істі жақсы көрсеткен екен. Енді көркем сабыр керек. Айтқандарыңа Алладан жәрдем тіленеді” деді. (18)
Бір жүргінші келіп, дереу сушыларын жіберді; ол қауғасын салып: “Ой сүйінші! Міне бір еркек бала” деді. Олар оны сауда малы етіп, жасырып қойды. Алла, олардың не істегендерін толық біледі. (19)
Олар оны кем бағаға бірнеше теңгеге сатып жіберді. Өйткені, Олар Юсыпқа ынтық емес еді. (20)
Мысырдағы оны сатып алған кісі әйеліне: “Орнын құрметтеп жақсы бақ. Мүмкін бізге п

Другие названия этого текста
  • Коран - Юсуф сүресі - сура №12 Йусуф (Юсуф) (0)
  • Коран - Юсуф сүресі - сура №12 Йусуф (Юсуф) (0)
  • Құран 12 - Юсуф сүресі (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-