Үш-қоңыр Алатаудың қойнауында Әкемнің ізі қалған жайлауында Қасқа су гүр-гүр тасып, гүл еркелеп Арқарлар жайылатын аймағында
Қайырмасы: Ай Үш-қоңырым туған жерім Рахым нұры тұңған жерім Ай Үш-қоңырым тал бесігім Жүрегімде мәңгі есімің
Бұл жерде тарих сырдың сыбыры бар Бабалар тұлпарының дүбірі бар Бұл жерде Жамбыл жәкең өлең айтқан Өнердің, ақындықтың тұғыры бар
Қайырмасы: Ай Үш-қоңырым туған жерім Рахым нұры тұңған жерім Ай Үш-қоңырым тал бесігім Жүрегімде мәңгі есімің
Шыңдары Төле бидің қалпағындай Жазира жасыл әлем алқабындай Жуасы, қарақаты, бүлдіргені Әжемнің шекер қосқан талқанындай
Қайырмасы: Ай Үш-қоңырым туған жерім Рахым нұры тұңған жерім Ай Үш-қоңырым тал бесігім Жүрегімде мәңгі есімің
Көрінер сонадайдан анық маған Шыңында қырандары қалықтаған Қыранның самғауына құмар қылып Туыпты ұландарын алып далам
Қайырмасы: Ай Үш-қоңырым туған жерім Рахым нұры тұңған жерім Ай Үш-қоңырым тал бесігім Жүрегімде мәңгі есімің
Другие названия этого текста
МузАрт - Ушконыр (1)
МузАрт - Үш Қоңыр (0)
МузАрт тобы - Үш Қоңыр (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2
Видео
Пьяный Кайрат Нуртас Коре алмаушылыктан истеп отыр,ол айдан анык. .... тусинбед км кмге дос км кмге кызганшбен карап бул харекети жасап отыр.
Асан Пердешов -- Умыта алмаймын /Asan Perdeshov -- Umitalmaimin/ ... жок шымкент барибир шымкент так что аузынды жауып котинди кысып отыр ... МузАРТ & Меломен-Келеді кездескім (клип 2011 г.) ...