Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

ОРДА - Көзіңнің мөлдірін-ай (халық әні) | Текст песни

Барады аулым көшіп Қызылжарға
Таң атып, Шолпан туып сызылғанда.
Көзіңнің мөлдірін-ай!
Осы әнге қоңырталып сала берем
Көңілім сені ойлап бұзылғанда,
Көзіңнің мөлдірін-ай!

Құландай жүйрік майда жал-ай,
Бар ма екен бізде ынтызары-ай,
Ішінде топ қарағай уәделескен
Көзіңнің мөлдірін-ай! (екі рет қайырмасын)

Не қалды қарайғанда, қамыс қалды
Ауылы қалқатайдың алыс қалды
Көзіңнің мөлдірін-ай!
Аулыңа алыс қалған қарай-қарай
Қарайлап қаршығадай мойын талды-ау!
Көзіңнің мөлдірін-ай!

Құландай жүйрік майда жал-ай,
Бар ма екен бізде ынтызары-ай,
Ішінде топ қарағай уәделескен
Көзіңнің мөлдірін-ай! (екі рет қайырмасын)


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-