Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Поэзия Шалкар - Сен бар жерде | Текст песни

Сен бар жерде..

Бақыт деген бар ма менде сүйіктім?
Сен бар жерде көңілдімін, биікпін.
Сен жоқ жерде күн қақтаған тақырмын,
Еш нәрсеге мән бермейтін тұйықпын.

Сен бар жерде найзағайдай өжетпін,
Сен бар жерде еліме де қажетпін.
Сен жоқ жерде көзге ілінбес күйкімін,
Сен бар жерде қыстың өзін жаз еттім.

Сен бар жерде айдын көлмін, көгалмын,
Сен бар жерде рахаттанып демалдым.
Сен бар жерде көктің алыс жұлдызын,
Талай рет өз қолыма мен алдым.

Сен бар жерде жанатын мен отынмын,
Бақшаңдағы сайрайтын мен тотыңмын.
Сенен жақсы қыздың барын білмейтін,
Байқамайтын,
Байлап қояр соқырмын.

Сен бар жерде шалқар көл де боламын,
Сол айдынға шағала боп қонамын.
Жалғыз ғана бір кінәң бар алдымда,
Тыныштығымды өмір бойы тонадың.

Кешір жаным, kінәң емес ол сенің,
Бақытымды мен сенімен өлшедім.
Жердің халі не боларын өзің біл,
Аспандағы жанып тұрған сөнсе күн.

Сен бар жерде озам көкпен көсілсем,
Бұл жалғанда мені ұғынар досым сен.
Менің халім не боларын өзің ұқ,
Кеудемдегі өзіңді өзің өшірсең...

М.Шаханов.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-