неизвестно - Анашым-әкем текст песни


1. Ескен елеусіз желдей,
Өткен күндерге сенбей.
Алаң болып жүрсіңдер ме
Балаң алыстан келмей.
Жүрек тулаған кезде,
Аунап-қунаған кезге.
Амалым не асыққанмен
Жүрмін жете алмай мен де.

Қайырмасы (2 рет):
Анашым, Әкем,
Сүйенішім, қос шынарым.
Жандары жайсаң,
Жанашырым, жақсыларым!
Анам, Әкем!

2. Тағдыр талайын қиған,
Жүрек жылуын жиған.
Менің екі мейірбаным,
Жаныма нұрын құйған.
Көкте туғандар жанай (?),
Ай мен күндерді санай.
Көздерің де талды-ау талай,
Жолыма қарай-қарай.

Қайырмасы (2 рет):
Анашым, Әкем,
Сүйенішім, қос шынарым.
Жандары жайсаң,
Жанашырым, жақсыларым!
Анам, Әкем!

3. Күн де күлімдеп қарар,
Гүл де бүршігін жарар.
Қарлығаштар қайта оралып
Ұшқан ұясын табар.
Алаңдамастан бекер,
Аман жүрсеңдер екен.
Алдарыңа құстай ұшып,
Мен де ұзамай жетем.

Қайырмасы:
Анашым, Әкем,
Сүйенішім, қос шынарым.
Жандары жайсаң,
Жанашырым, жақсыларым!
Анам, Әкем!

Другие тексты песен "неизвестно"


Как вам текст?



Видео
    Сейчас читают:

    Обратная связь: pesniclub@yandex.ru
    Права на тексты песен, переводы принадлежат их авторам. Все тексты и переводы представлены для ознакомления.
    pesni.club - Тексты песен | Новые | Популярные | Карта сайта