Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Aslan x QaraKesek - Айтарым бар (2015) #39 | Текст песни

Pesni.guru - сайт для Гуру

Қалай қарамаймы, жалған болар сұлусың сен,
Өзім сенбейм бір көріп, ғашықтық осы ма екен?
Алдап қайтем, қатты сүйіп қалмадым әлі,
Жалған сөйлеп соңында болғым келмейді ғой кінәлі.
Жарасымды қызыл түсті киімдер кисең,
Ұқсатамын шет елдің әншісіне шашыңды түйсең.
Оқуда көп қараймын саған байқатпай,
Бір өтпепсің жанымнан басымды мүлде шайқатпай.
Барлығы жарасымды, сүйкімді сөйлейтін бір сұлусың,
Қыстың салқын күнінде бір қарасам, берер жылусың.
Беретін жаныма бір жылусың.
Саған айтарым бар:
Тіл қатпай қараймын көзіңе ұзақ,
Саған қарай шабамын, жолымда болсын тұзақ.
Ұзақ-ұзақ жолдар шатастырды мені,
Танымайсың мені, сүйем бірақ сені.

Қ-сы: (х2)
Бір айтарым бар менің, іште қалмасын,
Шын сүйетін байғұс жүрегім алдансын.
Ойлап жүретін тек жағдайыңды сенің,
Аман болсақ та естен, саған айтырм менің.

Кім біледі ертең не болады,
Көздерім көрмейді, әттең, ия, болашақты.
Болмағанда, бар бақытты басыма жиып алар едім,
Амалым болмағасын, үндемей қала бердім.
Ара алшақтады, екі жақтамыз,
Ең болмаса, ұмытпашы мені, есіңде сақташы.
Күлкі қылып өткенді отыру қолымнан келмейді,
Өйткені шын сүйдім, ия, маған сенбе, мейлі.
«Өмір алда» деген сылтаумен өтті күндер,
Сен ұмытып кетсең де, менің әлі үзілмеді күдерім.
Алыста болсаң да, құлақта сықылық үндерің,
Солып қалды саған сыйлайм деп алып қойған сол гүлдерім.
Саған не керек, нені мақсат етіп алдың,
Мені күтші, алтыным, мен ақсап жетіп қалдым.
Сірә, сағындым, шынымен сағындым,
Білемін, әлі күнге сезімім бір сарынды.
Сені сағындым, сені сағындым,
Білемін, әлі күнге сезімім бір сарынды.


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-