Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Бейбіт Күшқалиев - Сен келерсің | Текст песни

Сен келерсің бір күні,
Маған қымбат сый қылып.
Жер бетіндегі күлкіні,
Жанарыңа сыйдырып.
Таңда арайлап атқанда,
Бәлкім түсте, кешқұрым,
Оттай жанған шақтарда,
Құштарлықты кеш күнім.

Қайырмасы:
Сағынышым сенгісіз,
Шала шабыт жыр түрі.
Қайдан, қашан белгісіз,
Сен келерсің бір күні.
Қайдан, қашан белгісіз,
Сен келерсің бір күні.
Сен келерсің бір күні...

Сенсіз, жалғыз жабықтым,
Бақыт жүзің жасырын.
Түндер есік қағып тұр,
Жұлдыздары шашылып.
Арманға асық ғаламда,
Үміт алдай қарады.
Саған ғашық санамда,
Сәуле қалмай барады.

Қайырмасы:
Сағынышым сенгісіз,
Шала шабыт жыр түрі.
Қайдан, қашан белгісіз,
Сен келерсің бір күні.
Қайдан, қашан белгісіз,
Сен келерсің бір күні.
Сен келерсің бір күні... (2х)


from K.B

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-